Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

0
2 371

Болжам бойынша соқтығысуға жол берген жүргізуші көлікті басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.


Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза болды, деп жазады nur.kz.

Жол апаты 31 қаңтар жексенбі күні Қарағанды облысының Абай ауданында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам басқарған BMW көлігі Chevrolet автокөлігімен соқтығысып, салдарынан BMW жүргізушісі қайтыс болған.

Онымен бірге тағы төрт адам алған жарақаттарынан көз жұмған. Олардың бірі BMW-де қалғаны Chevrolet көлігінде болған.

Полицияның мәліметінше, болжам бойынша соқтығысуға жол берген жүргізуші көлікті басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.


"Chevrolet жүргізушісі жолаушысымен бірге ауруханаға жеткізілген. Олар әртүрлі жарақат алған", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция дептарментінің баспасөз қызметі.


Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде, сараптамалар тағайындалған.

Ведомство жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады.