Қарағанды ​​облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

0
742

Қайғылы оқиға Абай қаласы мен Дубовка ауылы арасындағы тасжолда болған.


Қарағанды ​​облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Осы сенбіде, 8 маусымға қараған түні Қарағанды облысында бес адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады Zakon.kz.




Patriot Telegram-арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға Абай қаласы мен Дубовка ауылы арасындағы тасжолда болған.

Сағат 22:23-те Қызылорда – Павлодар тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt, Toyota Previa маркалы үш көлік соқтығысқан. Cobalt көлігінің төрт жолаушысы мен 22 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.



Сондай-ақ жол апатынан кейін екі адам ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың жағдайы ауыр.