Қарағанды облысындағы абақтыда 11 адам ЖИТС жұқтырды

0
817

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.


Қарағанды облысындағы абақтыда 11 адам ЖИТС жұқтырды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы АК 159/20 колониясында жазасын өтеп жатқан 11 адамнан ЖИТС анықталды. Олардың барлығы қауіпті індетті ине арқылы жұқтырған, деп хабарлайды Қазақстан арнасы.

Айтуларынша, есірткіні түрме қабырғасында емес, жұмыс істеуге қалаға шыққанда қолданған. Мәселен, колониядағы жазасын өтеушілердің барлығы күзетшілердің бақылауымен түрлі жұмыстарға тартылады.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.