Қарағанды облысындағы тасжолда жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады

0
314

Алматы-Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.


Қарағанды облысындағы тасжолда жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында тасжолда жүк көліктерінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

10 маусымда сағат 09:59 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолының 655-шақырымында екі MAN жүк көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

"Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Екінші көліктің жүргізушісі мен бірінші жүк көлігінің үш жолаушысы (барлығы ересектер) медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.


Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Желіде жүк көліктерінің бірінде балалар болғаны туралы ақпарат тарады. Ведомство "көліктердің бірінде жаттықтырушы мен балалардың болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" деп мәлімдеді.