Қарағанды облысындағы жұмысшылардың шетелдіктермен қақтығысы: полиция мәлімдеме жасады

0
1 107

Қазіргі уақытта Жәйрем ауылындағы жағдай тұрақты.


Қарағанды облысындағы жұмысшылардың шетелдіктермен қақтығысы: полиция мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында полиция жергілікті және шетелден келген жұмысшылар арасында жанжалға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл оқиға 12 тамызда Жәйрем ауылында болған. Жанжал салдарынан кен-байыту комбинатының бірнеше шетелдік жұмысшысы жеңіл жарақаттар алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.


"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтайды. Қазіргі уақытта Жәйрем ауылындағы жағдай тұрақты және ол полиция органдарының бақылауында. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Қақтығыстың себебі әлі белгісіз. Бұған дейін Қарағанды облысында жұмысшылар шетелдіктермен төбелескені хабарланған еді.