Қарағанды облысының фермерлері ауыл тұрғындарына шөп таратты

0
461

Фермерлер олардың бастамасына өзге шаруа қожалықтарының басшылары да қосылады деген үмітте.


Қарағанды облысының фермерлері ауыл тұрғындарына шөп таратты

ERNUR.KZ. Игі істер марафонын Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының фермерлері бастады. Олар ауылдың мұқтаж тұрғындарына шөп таратты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Нұр» және «Нұршат» шаруа қожалықтары басшыларының бастамасы арқасында Абай және Қарамеңде би ауылдық округтерінен 7 отбасы орамдар мен түктерде шөп алды.

«Әртүрлі жағдайларға байланысты мал азығының қажетті мөлшерін жинап үлгермеген мұқтаж отбасыларға, қарт адамдарға көмек көрсетілді. Абай ауылдық округінде 5 отбасына жүз орам шөп берілді. Қарамеңде би ауылдық округінде екі отбасы төрт орамнан алды», - деді Ақтоғай ауданы әкімдігінде.

Тағы бір отбасына мал азығын арзан бағамен сатып алуға көмек көрсетілді. Фермерлер олардың бастамасына өзге шаруа қожалықтарының басшылары да қосылады деген үмітте.