Заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болғаны анықталды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда жәбірленуші тарапты сатып алмақ болған адвокат ұсталды, деп жазады Polisia.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына адвокаттың заңсыз әрекеті туралы ақпарат түсті.
Заңгер аса ауыр қылмыс бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болғаны анықталды.Ал қылмыс жасаған айыпталушы тарап қорғаушыға қомақты қаражатқа жәбірленушінің жауабын өзгертіп, сотта жалған жауап беруін өтінген. Сондықтан да қорғаушы айыпталушы тараптың бұл ұсынысына көніп, арада делдалдық қызмет атқарған.
"22 қазан күні Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 6,5 миллион теңге және 2900 АҚШ долларын алған 36 жастағы қорғаушыны ұсталды. Оның көлігіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында тағы да 3 100 доллар тәркіленіп алынды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 422-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.