Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болады

0
494

Жаппай улану салдарынан екі бала қайтыс болды.


Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болады

ERNUR.KZ. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы арнайы орталықта балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болатынын мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық кәсіпорны, ал министрлік әдіснамалық қамтамасыз етуге, яғни стандарттарға жауап береді.
"Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен облыс әкімдігі құрған комиссия жұмысты аяқтап жатыр. Бесінші қыркүйекте олар осыншама баланың неден ауырып, ауруханаға түскенін жария етеді", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі баланың мазасы қашып, құсып, іші өткен. Ұқсас белгілері бар тағы 10 бала 31 шілдеде ауруханаға жатқызылды. Сол кезде дәрігерлер бір баланы ажалдан арашалап қала алмаған еді.
Ал кеше тағы бір бала – 2012 жылғы ұл көз жұмды. Тағы бесеуі жансақтауда жатыр.