Қарағандыда бесінші қабаттан құлаған 8 жасар бала аман қалды

0
587

Баланың желке сүйегі мен омыртқасы сынған.


Қарағандыда бесінші қабаттан құлаған 8 жасар бала аман қалды

ERNUR.KZ. Бүгін Қарағандыда көпқабатты үйдің 5-қабатынан бала құлап кетті. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Қарағандыда 5-қабаттағы пәтер терезесінен 2012 жылы туған жеткіншек құлап кетті. Ол ауруханаға жатқызылды.

«Науқас бас сүйек-ми зақымын алған, желке сүйегі мен омыртқасы сынған. Жағдайы орташа ауыр. Балаға қажетті толық медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл - облыста тіркелген үшінші жағдай. Бұған дейін жазатайым оқиға Теміртау және Жезқазған қалаларында болған.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, балалардың жарақат алып, қайтыс болуына ересектердің ұқыпсыздығы себеп. Сондықтан үлкендерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

«Қазір карантин кезінде балаларды қадағалап отыру қажет, оларды терезесі ашық бөлмеде қалдырмаған дұрыс. Бала терезеге шығып кетпес үшін жиһаздың барлығын терезе маңынан алысырақ маңға қойыңыз. Москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғамайды. Бала терезені бірнеше сантиметрден артық аша алмауы үшін арнайы фиксатор орнатып қойыңыз. Балаға терезенің қауіпті екенін айтып, түсіндіріңіз. Егер фиксатор орнатуға мүмкіндігіңіз болмаса, терезенің тұтқасын алып қойып, қажет кезде ғана пайдаланыңыз», - деп кеңес берді құтқарушылар.