Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

0
604

39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады.


Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған

ERNUR.KZ. Қарағандыда енесі күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер алған. 2 миллион теңгеге жуық ақша ұрлаған әйел ұсталды, деп жазады Stan.kz.

25 қаңтар күні Қарағанды полиция басқармасының Михайлов бөлімшесіне 39 жастағы тұрғын шағым түсірді. Ол 1 962 000 теңге көлемінде қаржы ұрланғанын хабарлады.

Зардап шегуші жиған-терген ақшасын 60 жастағы енесіне берген болып шықты. Әйел ақшаның тонаушылардың қолына түскенін айтқан. Істі тергеген полицейлер ұрлыққа әйелдің өзі барғанын анықтады. Ол ақшаға пәтер сатып алған.