Қарағандыда ер адам шағын несие ұйымының кассирін өртеп жібермек болды

0
2 456

Қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.


Қарағандыда ер адам шағын несие ұйымының кассирін өртеп жібермек болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда қарақшылар қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінің кассиріне шабуыл жасап, үстіне бензин құйып, жағамыз деп қорқытқан, деп жазады ҚазАқпарат.

9 ақпанда сағат 16.00-де Қарағандыда микронесиелік ұйымдардың бірінің үй-жайында белгісіз екі адам 28 жастағы әйел кассирге бензин құйып жіберген. Қарақшылар 120 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.


«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының ең тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.