Көршілердің айтуынша, қылмыскер ер адамның денесін бөлшектеп, қоқысқа білдіртпей тастауға дайындап қойған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда денесінде зорлық белгілері бар 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады aikyn.kz.
«5 наурызда Университет көшесіндегі үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.
Қылмыс жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Күдікті пәтерде ішімдік ішіп отырып, төбелесіп, адамды өлтіргенін мойындады. Тергеу жүргізілуде.
Көршілердің айтуынша, қылмыскер ер адамның денесін бөлшектеп, қоқысқа білдіртпей тастауға дайындап қойған.