Жол-көлік оқиғасы 23 қыркүйек күні болды.
ERNUR.KZ. Қарағандыда үш көлік соқтығысып, салдарынан бір адам зардап шекті, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, инкассатор көлігі мен екі жеңіл көлік 15-ші магистральда соқтығысқан.
“23 қыркүйек күні сағат 13.21-де 15-ші магистральда үш көліктің – Daewoo Nexia, Gazel және Lada қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады”, - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Апаттан 27 жастағы Daewoo Nexia жүргізушісі зардап шеккен. Ол жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.