Қарағандыда қаңғыбас иттерге тамақ берген зейнеткердің басы дауға ілікті

0
940

​Қарағандыда қаңғыбас иттерді тамақтандырған әйелге 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


Қарағандыда қаңғыбас иттерге тамақ берген зейнеткердің басы дауға ілікті

ERNUR.KZ. Зейнеткерді ауланы ластады деп айыптаған, деп жазады Stan.kz.

Зейнеткер Ольга Баркова аулада жүретін қаңғыбас иттерді тамақтандырған. Алайда аулада иттердің жүргенін қаламаған өзге тұрғындар учаскелік инспекторға хабарласқан.

"Күшіктері бар, балалар келсе, ырылдайды. Мен немереммен көшеге шығуға қорқамын. Ұлымнан сұраймын немесе адам көп кезде шығамын. Өйткені күшіктері үшін ит біреуді қауып алуы мүмкін. Біз иттер бір айдан астам уақыт жүргендіктен, учаскелік инспекторға қоңырау шалдық", - деді тұрғын Насилә Бейсембаева.

Инспектор келген соң, Ольга Барковаға "ауланы ластағаны үшін" 15 мың теңге айыппұл салынған.

"Мен – зейнеткермін, зейнетақым 60 мың теңге, айыппұл 15 мың теңге. Жануарларға сүт құйып бергенім үшін. Олардың қиналғанына қарап жүреміз бе? Аш, қыңсылап, кейін өліп қалады ғой", - деді Ольга Баркова.

Өзге тұрғындар жануарларға арналған паналарға бірнеше рет хабарласқанын айтады, бірақ барлық паналар лық толы екен. Ал волонтерлер иттерді біреу үйіне алып кеткісі келсе, тегін стерилдеуге уәде берген.