Марқұм кеншілердің арасында жас жұмысшылар болғандықтан айлық мөлшерінде біраз айырмашылық болған.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгенін айтты, деп жазады stan.kz.
Дүйсенованың айтуынша, марқұм кеншілердің арасында жас жұмысшылар болғандықтан айлық мөлшерінде біраз айырмашылық болған.
“Сандық отбасы картасын пайдаланып, олардың табысы туралы деректерді қарадық. 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас жұмысшылар, жұмысқа жаңадан келгендер де болған. Сол себепті жалақы мөлшерінде осындай айырмашылық бар. Олардың біліктілігі мен кәсібилікке да байланысты”, – деп түсіндірді вице-премьер.
Ол сондай-ақ кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
“Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін аяқтағаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Өткен жылдары - инфляция деңгейінде, содан кейін олар өндіріс көлемі бойынша қарастырылды”, – деді Тамара Дүйсенова.