Қарағандыда кішкентай қызды шашынан жұлқыған балабақша тәрбиешісі жазаланды

0
860

Осы оқиғадан кейін қалалық білім бөлімі балабақшада қызметтік тексеру жүргізді.


Қарағандыда кішкентай қызды шашынан жұлқыған балабақша тәрбиешісі жазаланды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы баласы «Арман» балабақшасында білім алатын ата-ана мекеме қызметкері балаға қол көтерді деп шағымданған. Бейнебақылау камераларынан белгілі болғандай, тәрбиеші кішкентай қызды шашынан жұлқылаған. Қалалық білім бөлімі қызметтік тексеру өткізіп, оның нәтижелерін мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желілерде Қарағанды қаласының Майқұдық шағын ауданында орналасқан «Арман» балабақшасының бейнебақылау камераларынан алынған видео тарады.

Оның сипаттамасында автор Майқұдықтың 12-ші шағын ауданда орналасқан «Арман» бөбекжайында қыз баланы тәрбиеші шашынан жұлқылағанын жазады.

«Мен мұны бейнеден кездейсоқ байқап қалдым. Бәлкім қыз баланың ата-анасы баласын кімге сеніп қалдыратынын білмеуі мүмкін. Міне, балаларымызға деген қарым-қатынастары қандай...» - деп жазады жарияланым авторы.

Осы оқиғадан кейін қалалық білім бөлімі балабақшада қызметтік тексеру жүргізді.

«Құрметті ата-аналар! Қарағанды қаласының «Арман» балабақшасын тексеру аяқталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәрбиешінің көмекшісі ҚР Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейтінін еске салғымыз келеді», - деп хабарлады Қарағанды қаласының білім бөлімі.