Олар салықтан жалтару мақсатында 13 кәсіпорын құрған.
ERNUR.KZ. Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2016-2020 жылдары жалған шот-фактураларды жазу бойынша заңсыз қызметпен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында 7 адамнан тұратын топтың жалған келісімшарттар жасау және шығындарды жасанды жолмен көбейту арқылы бюджетке салық төлеуден жалтару кезінде салық төлеушілер-контрагенттерге көмектесу мақсатында бақылауда ұстаған 13 кәсіпорын құрғаны анықталды.
Аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінен мемлекетке келтірілген жалпы залал көлемі 700 миллион теңгеден асады. 7 күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат, 1 күдіктіге қатысты үйқамақ түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.