Қарағандыда мемлекеттік мекеме есепшісі 7 млн теңге жымқырған

0
1 430

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Қарағандыда мемлекеттік мекеме есепшісі 7 млн теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында аса ірі көлемде ақша ұрлаған мемлекеттік мекеменің есепшісіне үкім шықты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Облыстық сот мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органымен М. ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. Анықталғандай, мекеменің бухгалтері заңсыз баю мақсатында алаяқтыққа бағытталған қылмыстық ниетпен, яғни адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, өзіне ақшалай қаражатты негізсіз аудару жолымен ірі мөлшерде жасаған алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырған.

“Әйел 2021 жылдың 1 маусымы мен 2022 жылдың 30 маусымы аралығында мекеме қызметкерлеріне жалақы түрінде көтермеленген төлемдер аударған. Төлем шоттарында мекеме қызметкерлерінің карталық шот нөмірлерінің орнына өзінің карталық шотын көрсетіп, сол арқылы ол РММ-ға 6 943 099 теңге сомасына ірі мөлшерде шығын келтірген”, – делінген хабарламада.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. РММ-ның пайдасына 6 943 099 теңге сомасында материалдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап толық қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.