Қарағандыда өгей қызын зорлаған ер адам ұсталды

0
885

Қала орталығындағы пәтер балалардың «түрмесіне» айналған.


Қарағандыда өгей қызын зорлаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Өз пәтерінде мәжбүрлеп ұстап, өгей қызын зорлаған қарағандылық азамат 9 жылға бас бостандығынан айырылды, тengrinews.kz.

Істің егжей-тегжейі Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінде айтылды.

"Анасы жұмыста болған кезде өгей әкесі балаларды балағаттап, ұрған, физикалық зорлық-зомбылық пен кісі өлтірумен қорқытқан. Ұзақ уақыт бойы балалар қорқып, зорлық-зомбылықты тіпті анасынан жасырған. Сәуір айында ол полицияға хабарлаған", - деді облыстық ПД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Жанатай Сембеков.

Екі күн бойы ол әйелінің үш баласын тұтқында ұстаған. Қала орталығындағы пәтер олардың «түрмесіне» айналған. Сотталушы 19 жастағы өгей қызын зорлап, басқа балаларды ұрып-соққан.

Ер адамның деструктивті діни ағымның өкілі екені хабарланған. Ол өзін діндар деп санап, сақал қойған және діни білімді интернеттен алғандығы белгілі болды. 20 қыркүйекте Қазыбек би аудандық соты ер адамды жыныстық зорлық-зомбылық көрсету және заңсыз қамауға алу баптары бойынша үкім шығарды.

Сот аяқталды, айыпталушы дені дұрыс деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын барынша қауіпсіз колонияда өтейтін болады.