Қарағандыда "Спутник Лайт" вакцинасы шығарыла бастайды – министрлік

0
470

​Қарағанды фармацевтикалық кешені жақын арада Ресейден келетін субстанциядан "Спутник Лайт" вакцинасын шығармақ.


Қарағандыда

ERNUR.KZ. Мұны денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Рұқсат алу құжаттары шешілді, өндірістік процесс жүріп жатыр. Жақын арада "Спутник Лайт" Қарағанды фармкомплексінде шығарылады деп үміттенеміз. Әзір мәселе жоқ", - деді Байсеркин жұмада өткен брифингте.

Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстанға "Спутник V" вакцинасын жеткізуді және өндіруді 2021 жылдың ақпан айында бастаған.