Қарағандыда удай мас жүргізуші кесірінен комаға түскен қыз қайтыс болды

0
882

Қыздың алған жарақаты өте ауыр еді.


Қарағандыда удай мас жүргізуші кесірінен комаға түскен қыз қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыда бүгін, 6 қарашада, таңертеңгі сағат 4-те бес көліктің соқтығысуы жол-көлік оқиғасы кезінде комаға түсіп, жан сақтау бөліміне жеткізілген 29 жастағы қыз қайтыс болды, деп жазады Zakon.kz.

"Жедел ем-домдар қолданылып, әртүрлі амалды байқап көрдік. Бірақ қыздың алған жарақаты өте ауыр еді. Бүгін таңертеңгі сағат 4-те зардап шегуші қайтыс болды", деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 20 қазан күні кешке мас күйінде Lexus көлігіне отырған ер адам көп қабатты ғимараттың ауласында тұрған бес машинаны соққан. Жүргізуші ұсталды. Оны ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің жолын кес-кестеп, көлденең шыққан екі ер адам да қамауға алынды.

Жол апатынан зардап шеккен бір қыз ауруханаға жеткізілді. Оның комаға түскені белгілі болды. Кейіннен удай мас болып бес көлікті соққан адамның кім екені анықталды. Ол Қарағандыдағы астық саласында жұмыс істейтін ірі компанияның директоры 49 жастағы Серікбол Сәрсенов болып шықты. Ал полицияның жолын кес-кестеген кәсіпкердің қос ұлы екен.