Қарағандыда велошабондоздың "басын кесіп алғандарды" полиция іздеп жатыр

0
680

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтау және ұстау шараларын жүргізуде.


Қарағандыда велошабондоздың

ERNUR.KZ. Қарағандыда тәртіп сақшылары саябақта орнатылған фигураларды бүлдірген бұзақыларды іздеп жатыр, деп жазады zakon.kz.

"Кеше кешкісін Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында бұзақылар көрнекілікке арналған фигураларды бүлдірді. Салауатты өмір салтын бейнелейтін велошабондоз мүсінінің басын ұстап тұрған темірді де сындырған. Жануарлардың фигуралары шашылып жатыр. Жерге салынған тас төсеніштерді де сындырып, кесектерін көлге лақтырыпты. Не үшін бұлай істеген? Бұл шынымен де қызық па? Бұзақылардың еркелігінің салдарын тағы да салық төлеушілердің есебінен жоюға тура келеді. Егер осыны істеген бұзақылар жазбаны оқып отырса, өміріңізді құртпай тұрғанда тез өзгеріңіз дегенді айтқымыз келеді", - делінген patriotkaragandy. парақшасында жарияланған видеоның астындағы жазбада.

Облыстық полиция бұл фактіні тіркегендерін хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кінәлі адамдарды анықтау және ұстау шараларын жүргізуде, - делінген хабарламада.