Қарағандыда заңсыз пайдаланылған 50-ге жуық ойын автоматы тәркіленді

0
1 407

Соңғы екі жылда прокурорлар соттарда заңсыз ойын бизнесі саласына қатысты 17 қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, 19 тұлға түрлі жаза мерзімдеріне тартылып, 100-ден астам ойын автоматы жойылды.


Қарағандыда заңсыз пайдаланылған 50-ге жуық ойын автоматы тәркіленді

ERNUR.KZ.ERNUR.KZ. Қарағанды облысының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректерін жоюға және оларға жол бермеуге бағытталған шаралар қолдануда, деп жазады BAQ.KZ.

Соңғы екі жылда прокурорлар соттарда заңсыз ойын бизнесі саласына қатысты 17 қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдап, 19 тұлға түрлі жаза мерзімдеріне тартылып, 100-ден астам ойын автоматы жойылды.

Биыл жыл басынан бері қадағалау жүргізуші ведомствоның үйлестіруімен рейдтік іс-шаралар барысында облыс орталығының және серіктес елді мекендердің 19 сауда орынынан 46 ойын автоматы тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 307 б. 3 б. (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан аумағында ойынға арналған құрылғыларды кәсіпкерлік мақсатта орнатуға тыйым салынатынын естеріңізге саламыз. Тек Алматы облысының (Қапшағай су қоймасының аумағы) және Ақмола облысының Щучинск ауданында ғана, оның өзінде тек жергілікті атқарушы орган бекіткен жерлерде, ойын автоматтарын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға болады. Көрінеу заңсыз ойын орнын ашуға немесе ойын бизнесін ұйымдастыруға ғимараттар, үй-жайлар беру де заңға қайшы» - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Аталған әрекеттер қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады және ол үшін Қылмыстық кодекстің 307 б. сәйкес мүлікті тәркілеумен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.