Қарағандыда журналист іс-түзсіз жоғалып кетті

0
275

Ол 17 маусымнан бері ізім-ғайым жоқ.


Қарағандыда журналист іс-түзсіз жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Вечерний Караганда телеграмм-арнасының жазуынша, 17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Ол бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.

«Вечерний Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.