Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға 18 адам жеткізілген.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер Қарағандыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендердің жағдайы жайлы мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында ДСК маңында екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді.
Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға 18 адам жеткізілген.
«Бүгінгі күнге барлығы 18 адам жеткізілді. Олардың төртеуі ауыр жағдайда. Ахуал орталығының жедел жұмысының арқасында науқастар стационарларға бөлінді. Тұрақты динамикасы бар екі пациент Оңтүстік-Шығыстағы базаға (Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана) аттандырылды. Біздің ауруханада өте ауыр халдегі екі адам қалды. Мұнда жергілікті стационардың және біздің хирургтардың күшімен операциялық блок жағдайында шокқа қарсы-реанимациялық іс-шаралар басталды. Хирургтар тобы ұйымдастырылды, оның құрамына медицина университетінің қызметкерлері осы жерде жұмыс атқаратын хирургтар кірді. Оңтүстік-Шығыстан да хирургтер тартылды. Ол жақ-бет хирургы, офтальмолог, нейрохирург және іш хирургы. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы ауыр. Қарқынды терапия жүргізілуде», - деп түсіндірді Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травмотологиялық орталығының жетекшісі Берік Төлеубаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қарағандыда екі жолаушылар автобусы соқтығысқан болатын. Салдарынан қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірі қаза тапты.