ЖЭО-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзылу анықталып, нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.
ERNUR.KZ. Қарағандыдағы ЖЭО-да болған апат салдарынан қала тұрғындары жарықсыз қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЖЭО-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзылу анықталып, нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.
"Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталып жатыр", - деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.