Қарағандылық әжей көктайғақ кесірінен қайтыс болды

0
3 224

80 жастағы қарағандылық зейнеткер көпшіліктің көз алдында қайтыс болды. Егде жастағы әйел тайып кетіп, құлайды да, басын соғып алады. Жедел жәрдем келгенше әйел адам көз жұмады, деп хабарлайды Вaq.kz.


Қарағандылық әжей көктайғақ кесірінен қайтыс болды

иллюстрациялық фото

80 жастағы қарағандылық зейнеткер көпшіліктің көз алдында қайтыс болды. Егде жастағы әйел тайып кетіп, құлайды да, басын соғып алады. Жедел жәрдем келгенше әйел адам көз жұмады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Қайғылы жағдай кеше күндіз Гоголь көшесінде болды. Куәгерлер бұл көшенің тайғақ болғанын айтты. Зейнеткердің аяғы сырғып кетіп, құлайды. Басын соғып алған.

«Ол құлағанда басын соғып сол мезетте қайтыс болды. Адамдар жедел жәрдем шақырды. Әжей өте кәрі. Түк қимылдамады. Құлағанда қатты соққы алған шығар. Өйткені жер тайғақ болды», - деді куәгерлер.

Зардап шеккен әже жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кеткен.

«Шақырту сағат 12.57-де келді. Жедел жәрдем бригадасы бірден жолға шықты. Олар бес минуттан кейін сонда болды. Бірақ өкінішке қарай жедел жәрдем келгенде ол қайтыс болған. Бригада реанимациялық шараларды қолданса да, нәтиже болған жоқ. Енді өлім себебін сарапшылар анықтайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.