Қарақат Әбден Екібастұздағы перзентханада кездесу өткізді

0
366

Сондай-ақ, перзентхананың бас дәрігерімен бірге жас аналар мен сәбилердің жағдайын білу үшін палаталарды аралады.


Қарақат Әбден Екібастұздағы перзентханада кездесу өткізді

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден бүгін Екібастұз қалалық ауруханасы жанындағы перзентханада жас аналармен және медицина қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ақ халатты абзал жандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, перзентхананың бас дәрігерімен бірге жас аналар мен сәбилердің жағдайын білу үшін палаталарды аралады.
Үміткердің Екібастұз қаласындағы сенімді өкілі Анар Айдарханова мәлімдегендей, қалада Қ.Әбденнің сайлауалды штабы тұрғындарды ақпараттандыру бойынша жұмыс істеп жатыр.
Еске салсақ, Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды және Астана қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта оның Павлодар, Абай және Алматы облысының сайлаушыларымен кездесу өткізуі жоспарланған.