Қарақат Әбден Сыр өңірінің тұрғындарымен кездесті

0
724

Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы саяси науқан туралы ой-пікірімен бөлісті.


Қарақат Әбден Сыр өңірінің тұрғындарымен кездесті

фото: ашық дереккөзден

Кандидат Қарақат Әбден Арал қаласында кәсіпкерлікпен айналысатан отбасылардың бірінде болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаруа қожалығына ат басын бұрып, жетістіктерін көрді. Аталған қожалық қазір түйе, жылқы, ірі қара бағып отыр. Сүт өнімдері балабақшаларға жөнелтіледі. Ет, нан өнімдері де шығарылады. Кәсіпкер 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

- Қазір енді көп жігіттер жоңышқа, дәнді дақыл егумен айналысып жатыр. Халық көкөніс өнімдерін өсіруде. Кім жұмыс істеймін дейді, оған жұмыс табылады. Жалқауларға еш уақытта жұмыс табылмайды. Еңбек істейтін адамға жұмыс бар, - дейді шаруа қожалығының басшысы Зияғаладин Өтенов.
Бұдан кейін кандидат Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы саяси науқан туралы ой-пікірімен бөлісті. Кездесу барысында тұрғындар қойған сауалдарға жауап берді.