Карантин: 5 қазаннан бастап қалай болады?

0
1 921

Қазақстанда ведомствоаралық комиссия жаңа шектеулер енгізді.


Карантин: 5 қазаннан бастап қалай болады?

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстанда енгізілетін жаңа шектеулер туралы мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.


"Инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстанда ведомствоаралық комиссия 2020 жылдың 5 қазанынан бастап келесі шешімдерді қабылдады. Басқа елдермен әуе қатынасын қайта ашпау. Әуе қатынасы жаңартылған елдермен рейстер санын көбейтпеу. Түркияға рейстер санын азайту.

Екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін термометрия, сауалнама, мерзімі үш тәуліктен аспайтын коронавирусқа тексерілді деген анықтаманың болуы сияқты міндетті талаптар белгіленсін. Анықтама болмаған жағдайда келгендер COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін стационарда екі тәулікке дейін оқшауланады", - деп хабарлады министр ОКҚ онлайн-брифингінде.