Карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшы жауапкершілікке тартылады

0
779

ШҚО білім басқармасы Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.


Карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшы жауапкершілікке тартылады

ERNUR.KZ. Белгілі спортшы, колледж директоры Айбек Нұғымаров тәртіптік жауапкершілікке тартылады, деп жазады Tengrinews.kz.

ШҚО білім басқармасы танымал балуан және Семей колледжінің директоры Айбек Нұғымаровтың карантин кезінде тойда жүрген видеосына қатысты пікір білдірді.

"Барлық қызметкер мен оқушыларына үлгі болып саналатын директордың өзі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзады. Айбек Серікболұлы қазіргі уақытта еңбек демалысында. Демалыстан шыққан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады. Оқытушылар қауымын шектеулерді сақтауға, қашықты сақтаудың, бетперде тағудың, санитарлық нормаларды сақтаудың маңыздылығын көрсете білетін үлгі болуға шақырамыз", - делінген ШҚО білім басқармасының ресми хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында карантин кезінде тойда жүрген танымал спортшылардың видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын.