Қарашөкеев биыл қанша астық жиналатынын болжады

0
500

Бүгінде шаруалар тиісті жұмыс істеп жатыр.


Қарашөкеев биыл қанша астық жиналатынын болжады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақтанда қанша астық жиналатынына болжам жасады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов «Ербол Шырақбайұлы, былтыр астықтың түсімі жаман болған жоқ. Түсім орташа жылдық көрсеткіш жоғары болды. Биылғы астық түсімінің болжамы қандай?», - деп министрге сұрақ қойды.

Ербол Қарашөкеев нақты болжам жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

«Шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытында жұмыстар да мерізімінде аяқталды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, маусымда жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив болжанып отыр. Шілде-тамызда еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шанынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр», - деді ол.

Оның пікірінше, егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек.

«Қазір алдын ала факторларды ескергендегі болжам мынадай. Бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн теңге деңгейінде болажнып отыр. Астық жаман болмайды», - деді Ербол Қарашөкеев.