Мамандардың жалақысын көтеруге бағытталған шаралар қабылданып жатыр.
ERNUR.KZ. Аграрлық сектордағы ең төменгі жалақы алатын мамандықтардың бірі – ветеринарлық дәрігерлер, деп жазады inbusiness.kz.
"Республика бойынша мал дәрігерлерінің орташа жасы 40-55 жасты құрайды. Ветеринарлық секторда жас әрі жоғары білікті кадрлар жетіспейді. Қазіргі заманғы қоғамның үрдістерімен тең табыс табу мүмкіндігінің болмауы, еңбектің қиын жағдайлары, ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның дамымауы жас мамандар арасында мал дәрігері кәсібінің тартымды болмауына әкеп соқтырды", - дейді ауыл шараушылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты. Оның айтуынша, мамандардың жалақысын көтеруге бағытталған шаралар қабылданып жатыр:
- жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық іс-шараларды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қайта қарау (вакцинациялау, қан сынамаларын алу және жеткізу, жануарларды сәйкестендіру және т. б.);
- ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметке жатқызылған ақылы қызмет түрлерінің көлемін ұлғайту (жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша емдеу-алдын алу қызметі, дезинсекция, дезинфекция, дератизация, ветеринариялық препараттарды, ветеринариялық және зоотехникалық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу және т. б.);
- патогендігі I және II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыратын азаматтық қызметші болып табылмайтын мемлекеттік кәсіпорындардың мамандары мен қосалқы персоналына еңбекақы төлеудің үлгілік жүйесін бекіту (қан сынамаларын іріктеуді және вакцинациялауды жүзеге асыратын ЖАО ауылдық округтерінің ветеринариялық дәрігерлері, сондай-ақ жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасын жүзеге асыратын зертхана қызметкерлері);
- "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына толықтырулар енгізу (зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларын, кәсіптік қызметке ие болудың жоғары тәуекелін ескере отырып, қосымша ақылар мен үстемеақылар аурулар);
- бір ветеринарға жүктеменің бірыңғай нормасын бекіту.
"Ветеринария жүйесін реформалау шеңберінде ұсынылатын шаралар мал дәрігерінің кәсібінің тартымдылығын және құзыретін арттырады, сондай-ақ сауықтыруға арналған жәрдемақыны кемінде 2 лауазымдық айлықақы, ал қосымша ақыны лауазымдық айлықақының 50%-ы мөлшерінде ұлғайтады. ҚР Үкіметінің қаулысына енгізілген өзгерістер Мемлекеттік мекемелердің ветеринарларына инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс істегені үшін қосымша ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді (БЛЖ-дан шамамен 140%). Республикада тек Маңғыстау облысында ҚМУ нысанында құрылған ветеринариялық станциялар бар, олар қосымша ақы алу үшін осы норманы пайдалана алады. Сондықтан, жалақыны көтеру мүмкіндігін пайдалану үшін басқа салаларда ветеринарлық станцияларды құру нысанын қайта қарау ұсынылады. Сондай-ақ, еңбекақы төлеуді ұлғайту мақсатында ақылы қызмет түрлерін көрсетуді ұлғайту қажет, оларды сатудан түскен ақша олардың иелігінде қалады", - дейді Қарашөкеев.