Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тағы жылы штаттарда 16 зәулім үйі бар

0
1 114

​Өткен айда ұсталып, қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен туыстарының АҚШ-та зәулім үйлері бар.


Кәрім Мәсімовтің АҚШ-тағы жылы штаттарда 16 зәулім үйі бар

ERNUR.KZ. Олардың жылы штаттарда сондай 16 үйі бар, деп жазады Экспресс К.

Аталған басылым екі рет Премьер-министр болып, банктерді басқарып, бай болған Кәрім Мәсімовтің отанға опасыздық жасауға не себеп болғаны туралы сұрақ қояды. Өкінішке қарай, бұл сұрақ тек бұл сайттың ғана емес, барлық қазақстандықтардың көкейінде жүр.

АҚШ жылжымайтын мүлік реестеріндегі мәліметке сүйенген басылым Кәрім Мәсімовтің өзінің қайын ағасы Дильшат Машуров арқылы АҚШ-тың түрлі штатынан 16 үйге иелік ететінін жазады.

Зәулім үйлердің жалпы бағасы бағасы 20 миллион доллардан асып жығылады. Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерге сүйенсек, екі қабатты, 2450 шаршы фут болатын бұл коттедждің құны — 1 млн 988 мың доллар. Калифорния штатының Фримонд қаласында орналасқан бұл үйде екі көлікке арналған гараж да бар.

©livejournal

Мәсімовтің осы қалада тағы бір үйі бар. Бір қабатты үйдің бағасы — 902 мың доллар. Үйдің аумағы — 1349 шаршы фут және бассейні бар.

Линкольн қаласындағы 2376 шаршы фут болатын зәулім үйдің бағасы — 732 мың доллар. Нағыз америкалық арман дерсің!

Төрт қабатты апартаменттер де Мәсімовтерге тиесілі. 942 шаршы фут апартаменттің құны 632 мың доллардан асып жығылады. Бұл үй көпшілікке кинолардан ғана белгілі Лос-Анджелес қаласында орналасқан.

Аризона штатындағы екі қабатты коттедждің бағасы да қарапайым қазақтар үшін қол жетпес ақша деп айтуға болады. Құны — 506 мың доллар. Бұл үйде де екі көлікке арналған гараж бен үш жатын бөлме бар.

Осы штатта орналасқан тағы бір үйдің құны — 491 мың доллар. Екі көше қиылысында орналасқан бұл үйдің ауласында бассейн бар.

livejournal


Сондай-ақ 300 мың доллар тұратын Темпе қаласындағы жекежай, Рапид сити қаласындағы 256 мың долларлық апартамент мен бізге "Болашақ" бағдарламасы арқылы таныс Аризона мемлекеттік университетінің маңында орналасқан кеңсе де Мәсімовтер отбасына тиесілі.