Кәрім Мәсімовтың сотына алқа билер қатыспайды

0
1 288

Бұдан бұрын Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекіткен.


Кәрім Мәсімовтың сотына алқа билер қатыспайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов айтты, деп жазады ulysmedia.kz.

"Олар (Кәрім Мәсімов пен ҰҚК-ның басқа да ұсталған облыстық департамент басшылары - авт.) алқа билерден үміттене алмайды. Алқа билер қатыспайтын істер бар", - деді Жүкенов.

Айта кетейік, бұдан бұрын Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекіткен.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың ісі қай сотта қаралатынын жария еткен.