Кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы ажал құшты

0
913

Қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласында орын алған.


Кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы ажал құшты

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы ажал құшты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Самал» шағын ауданы №20 үйдің жертөлесіне кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы тоққа түсіп, қайтыс болды. Көз жұмғандар (Қаналиев Ержан – 1975 жылғы, Қуаныш Серіков – 1970 жылғы) — «Коммуналдық қызметтер» ЖШС қызметкерлері.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық станциясының Жаңаөзен қаласындағы филиалына 14:46 шамасында шақыру келген. Фельдшерлер 14:50-де оқиға орнында болып, олардың өлімін тіркеген.

Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров барып, жағдайымен танысып, марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.