ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

0
887

Ол ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасына пара берді деген күдікке ілінді.


ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры пара берді деген күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

"Ол ҚР БҒМ "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және жалпы қамқорлық туралы мәселені оң шешкені үшін бес мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері сондай-ақ, "Ғылым қоры" АҚ Басқарма төрағасының пара алу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.