Қаржы министрі Қазақстанның қанша қарызы бар екенін айтты

0
719

Жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен.


Қаржы министрі Қазақстанның қанша қарызы бар екенін айтты

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қарызын жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Жыл басында мемлекеттік қарыздың сомасы 27 триллион теңгеден асты.
"2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңге болған", - деді Тәкиев үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, жалпы ішкі өнімге шаққанда қарыздың сомасы 22,8 процентке жеткен. Ал шекті деңгей – 33 процент. Бұл – қарыздың қауіпсіз межесі. Мемлекеттік қарыз ондай деңгейге жеткен жоқ.
Айта кетері, бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия да өз есебін жариялаған. Оған сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сыртқы мемлекеттік қарыз (АҚШ долларымен есептегенде) Арменияда (0,9%) және Қырғызстанда (3,9%) өсті. Ал Қазақстан (8,3%) мен Ресейде (1,6%) керісінше азайды.