Қаржы министрлігі: Ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейді

0
795

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.


Қаржы министрлігі: Ұлықтау рәсіміне қосымша қаражат бөлінбейді

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев президентті ұлықтау рәсіміне қосымша қаржы бөлінбейтінін айтты, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы ол үкімет отырысында журналистерге айтты.

«Президенттің инаугурациясына бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді».Ерұлан Жамаубаев
22 қарашада ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.