Қаржы министрлігінің серверлерінде заңсыз тірліктер жасалған

0
1 140

​ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада Қаржы министрлігіндегі серверлер арқылы криптовалютаны заңсыз әрекеттері әшкере болған. Заңға қайшы әрекетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырған.


 Қаржы министрлігінің серверлерінде заңсыз тірліктер жасалған

ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада Қаржы министрлігіндегі серверлер арқылы криптовалютаны заңсыз әрекеттері әшкере болған. Заңға қайшы әрекетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық бөлімшелерінің қызметкерлері жүзеге асырған. Криптовалюталар майнингіне департаменттердің өздерінің, олардың аудандық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің серверлері, сондай-ақ қызметкерлердің анағұрлым өнімді қызметтік компьютерлері қолданылған.

«Ол үшін серверлер мен компьютерлерге есептеуіш ресурстарды пайдаланатын арнайы бағдарламалар (майнерлер) жасырын орнатылған, ол ақпаратты өңдеу жылдамдығын төмендеткен және олардың жұмысын баяулатуға әкеп соққан. Осы бағдарламалар жүйелік қызметтер түрінде орнатылып, вирусқа қарсы айрықша бағдарламалар тізімдеріне енгізілген» делінген хабарламада. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті алдын ала тергеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департаменттеріндегі мемлекеттік ақпараттық жүйелердің серверлерінде криптовалюталар өндіру (майнинг деп аталатын) фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабы (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялық желінің жұмысын қасақана бұзу) және 210-бабы (Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалну немесе тарату) бойынша қылмыстық істерді тергеуде.