Басыңа баспана, астыңа көлік әпереміз деп сендірген корпоративтік қор қаржылық пирамида болып шыққан.
ERNUR.KZ. Алаяқтарға сеніп, миллиондарынан айырылған бір топ азамат бүгін бас прокуратураның алдына жиналды, деп жазады inbusiness.kz.
Басыңа баспана, астыңа көлік әпереміз деп сендірген корпоративтік қор қаржылық пирамида болып шыққан. Арзан несие ұсынған оларға жәбірленушілер жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын қаржы аударыпты.
Қылмыстық іс қозғалып, екінші жыл тергеліп жатса да әлі күнге дейін мардымды нәтиже жоқ дейді олар. Ең қызығы, алаяқтар "Nur Otan" партиясының атымен бүркенген.