Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған вайнерлердің соты 21 желтоқсанда өтеді

0
390

Желтоқсанның 12-сі күні алматылық прокуратураның вайнерлердің ісін сотқа бергені белгілі болды.


Қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған вайнерлердің соты 21 желтоқсанда өтеді

ERNUR.KZ. Алматыдағы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты күдікті ретінде екі танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауда отыр. Олар 2022 жылдың сәуірінде қамауға алынды, сот қамау мерзімін желтоқсанға дейін ұзартты, деп жазады zakon.kz.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот отырысының басталатын күнін жариялады.

Сот отырысы 21 желтоқсанға сағат 15:00-ге белгіленген.

2022 жылдың ақпан айында вайнерлер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржылық пирамида құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды.

Қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаевтың қамаудағы мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет оның қамауға алу мерзімі 18 желтоқсанға дейін созылды.

Желтоқсанның 12-сі күні алматылық прокуратураның вайнерлердің ісін сотқа бергені белгілі болды.