Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

0
781

Халық арасында "Голд" аталып кеткен қаржылық ұйымның басы-қасында жүргендерді полицейлер 2020 жылы қамауға алған еді.


Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде "Gold Company LTD" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлы деп танылып, Ресей азаматтары П.Литвиненко 12 жылға, Ю.Москвин 9 жылға, Ақтөбе қаласының тұрғыны Р.Қазыбаевқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Олар салымшыларға келтірген шығынды өтеуге тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сот барысында белгілі болғанындай, қаржылық компания салымшыларға ақшаны канадалық фирмаға инвестициялап жатырмыз деп сендірген. Алданып, сан соғып қалғандар пирамидаға шамамен 10 млрд теңгеден астам қаржысын салған. Тек Ақтөбенің ғана емес, сондай-ақ Шымкент, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының тұрғындары да салымшы болыпты.

Халық арасында "Голд" аталып кеткен қаржылық ұйымның басы-қасында жүргендерді полицейлер 2020 жылы қамауға алған еді.