Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

0
477

Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады.


Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды

ERNUR.KZ. 1 маусымнан бастап NCOC компаниясы Қашаған кен орны кешеніндегі өндірістік нысандарын жөндеу жұмыстарына тоқтатты, деп жазады zakon.kz.

Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстары маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бірнеше жылда бір рет өндірісті қысқа мерзімге толық тоқтатуды көздейді.

Қашаған кен орнының өндірістік объектілеріне жоспарлы профилактикалық қызмет көрсетудің мақсаты:

  • өндірістік жүйенің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мiндеттi қызмет пен тексеру;
  • өнімділікті, сондай-ақ өндіріс жүйесінің сенімділігін оңтайландыру және одан әрі арттыру бойынша жұмыстар мен жобаларды орындау.

Қашаған кен орны ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9-13 миллиард баррель мұнайды құрайды.

Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.