Қашықтан білім беру: Мұғалім мектепке келуге міндетті ме

0
788

Қашықтан сабақты мектепте өткізуді қалаған ұстазға білім мекемесінің әкімшілігі қажетті барлық жағдайды жасап беруге міндетті.


Қашықтан білім беру: Мұғалім мектепке келуге міндетті ме

ERNUR.KZ. Қашықтан білім беретін мұғалімді мектепке келуге қыстау - дұрыс емес. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері вице-министрден Алматы мен Шымкент қалаларының кейбір мектептерінде сабақты онлайн өткізетін мұғалімдерге таңертең сағат 9.00-де және кешкі сағат 17.00-де мектепке келіп белгілену міндеттелгені туралы ақпарат барын айтып, мұның қаншалықты орынды екендігін сұрады.

«Алматы мен Шымкент қалаларында мұндай фактілер орын алса, онда біз оларды жеке-жеке қарастырамыз. Жалпы, министрлік оқу процесіне қатысты нақты әдістемелік ұстанымдарды барлық білім мекемелеріне жеткізген болатын. Соған байланысты мұғалімдер қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, өз қалауымен сабақты мектепке келіп жүргізуіне де, үйде де жүргізуіне болады. Барлық мектепте интернет желісі жақсы қалыптасқан. Компьютерлер де жеткілікті. Кейбір мұғалімдер сабағын мектепке келіп өткізсем дейді. Бұл, мұғалімнің бұрыннан үйренген дәстүрлі форматы», - деді вице-министр баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қашықтан сабақты мектепте өткізуді қалаған ұстазға білім мекемесінің әкімшілігі қажетті барлық жағдайды жасап беруге міндетті.

«Ал әкімшілік тарапынан мұғалімді мектепке келуге қыстау - дұрыс емес. Мұғалімдер өз таңдауымен жұмыс істеуі тиіс», - деді Шолпан Каринова.