Қашықтан оқыту: Польша қазақстандық оқушылар үшін ноутбуктер жіберді

0
887

2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.


Қашықтан оқыту: Польша қазақстандық оқушылар үшін ноутбуктер жіберді

Коронавируспен күрес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық қағидасын нығайтуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Польшадан отандық "SCAT" әуекомпаниясының чартерлік рейсімен елімізге "Wipasz" поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскаларын (100 мың дана), сондай-ақ князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлерін (ноутбуктерін) қамтыған гуманитарлық жүктің кезекті партиясы келді. Поляк елінің Қазақстан үшін жасаған шынайы достық ықыласы COVID-19 пандемиясымен күрестегі жаһандық ынтымақтастықтың көрнекті үлгісі - делінген хабарламада.
Белгілі болатындай, 2020 жылғы 17 наурыз-12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен. Бұған қоса, қытайлық дәрігерлер Қазақстанға өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге келсе, ал Израиль, Оңтүстік Корея және Жапониялық дәрігерлер коронавируспен күресу бойынша қазақстандық әріптестерімен онлайн режимде тәжірибе алмасты.