Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы қысқартылмайтын болды

0
378

Былтырғы жылдың басында әлемдік компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істеді, ал 40%-ы аралас жұмыс режимін қолданған.


Қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысы қысқартылмайтын болды

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қашықтан жұмыс істеудің құқықтық реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды6 деп жазады baq.kz.

Сенатор Нариман Төреғалиевтің айтуынша, былтырғы жылдың басында әлемдік компаниялардың 16%-ы толығымен қашықтан жұмыс істеді, ал 40%-ы аралас жұмыс режимін қолданған.

Өздеріңізге белгілі, 2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы, қызметкерлердің орта есеппен 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстырып, жұмыс режимінің өзгеруіне алып келді, – деді ол.
Депутат елімізде қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлердің тап болған өткір мәселелерінің бірі – коммуникация құралдарымен, компьютерлермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету болатын. Осыған байланысты заң жобасында көзделген нормаға сәйкес, төтенше жағдайды енгізу, жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде қызметкерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету және шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады деп айтты.
Одан бөлек, орындалатын жұмыс көлемі сақталған жағдайда жұмыс берушіге, қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жалақысын төмендетуге мүмкіндік бермейтін норма енгізілді. Жұмыс берушінің, қызметкер қашықтан жұмыс істеу кезінде пайдаланатын құпия ақпаратты қорғау туралы шарт жасасу құқығы бекітілді. Заң жобасының қабылдануымен қашықтан жұмыс істеуді нақты регламенттеу және еңбек шарты тараптарының құқықтары мен міндеттерін бекіту арқылы қызметкерлердің құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетін болады, – дейді Нариман Төреғалиев.