Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін 3 есе қысқартуы мүмкін

0
1 023

​Қара теңіздегі дауыл салдарынан консорциумның құбыр жүйесіне зақым келген.


Каспий құбыр желісі мұнай тасымалдау көлемін 3 есе қысқартуы мүмкін

ERNUR.KZ. Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) мұнай тасымалдау көлемін 3 есе қысқартуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz

КҚК мәліметінше, теңіз терминалын кезектен тыс тексеру кезінде үшінші айлақ құрылғысы шлангаларының бірінің бүлінгені анықталған. Сондықтан құрылғыны жөндеу үшін оны уақытша істен шығару туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ екінші құрылғының тоғызыншы және он үшінші шлангасының зақымдалғаны анықталды. Бұл құрылғының да жұмысы уақытша тоқтатылды.

"Қолайсыз ауа райына байланысты жөндеу жұмыстары ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Осыған байланысты кәсіпорын алдағы уақытта мұнай тасымалдау көлемін 3 есе қысқартуға мәжбүр болуы ықтимал", - деп жазылған хабарламада.