Бұдан бөлек, теңіз жағасына орнатылған 16 камера онда болып жатқан жағдайдың барлығын түсіреді.
ERNUR.KZ. "Каспий" стационарлық патрульдік бекеті Ақтаудағы 4-шағынауданнан 15-шағын аудандағы "Самал" тұрғын алабына дейінгі жағалау аймағын электромобильдер мен квадроциклдерде тәулік бойы патрульдеуді қамтамасыз етеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұдан бөлек, 16 камера қойылған. Олар Каспийдің жағасында болып жатқан жағдайдың барлығын түсіреді. 36 есе үлкейту функциясының арқасында құқық бұзушының кінәсін дәлелдеуге көмектеседі. Бейне бір ай ішінде компьютер жадында сақталады.
Жалпы 7 квадроцикл және 2 электромобиль жұмылдырылған. Жыл бойы Ақтау қаласы ПБ ЖПҚ БППП патрульдік полиция қызметкерлері осындай арнайы автокөліктермен патрульдеуде. Қызметкерлер екі адамнан ауысыммен жұмыс істейді.
Кез келген құқық бұзушылық рация арқылы беріледі және патруль шақыру орнына электрокармен немесе квадроциклмен барады. Бекетте жедел басқару орталығы бар. Осыдан бүкіл жағалау аймағы көрінеді. Бейнебақылау жүйесі 4 шақырым радиуста жағалау аймағын бақылайды.
Осылайша, полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуде.