Kaspi.kz клиенттердің шотындағы ақшаның неге жоғалғанын түсіндірді

0
1 223

Kaspi.kz және Kaspi Gold шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеген.


Kaspi.kz клиенттердің шотындағы ақшаның неге жоғалғанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Kaspi.kz қосымшасының жұмысындағы ақауды банк өкілдері түсіндірді деп жазады Тengrinews.kz.

Қазақстандықтар шотынан ақша жоғалып кеткені туралы шағымданған еді. Өз кезегінде Kaspi баспасөз қызметіндегілер бұл бағдарламадағы ақау екенін және ақшаның ешқайда кетпегенін айтты.

«Бағдарламалық қамтамасыз ету қызметінде болмашы ақау болды. Нәтижесінде, клиенттердің Kaspi.kz-тегі Kaspi Gold шоттарындағы қаражаты дұрыс көрсетілмеді. Бұл тек Kaspi.kz-тегі қалдықтар жайлы. Банкоматтан шешу, дүкендерде сатып алу операцияларын қарапайым түрде жасауға болады. Тезірек дұрыстауға тырысып, келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді банк баспасөз қызметінің өкілдері.